«Осасуна» мен «Барселона» матчында талантты Фати гол соқты
Испания Примерасының үшінші турында «Осасуна» мен «Барселона» тең тарқасты. Каталониялықтар сапында 16 жасар Ансу Фати атты ойыншы гол соқты, деп жазады Prosports.kz.
«Осасуна» шабуылшысы Роберто Торрес дубль жасаса, «Барселона» ойыншылары Фати мен Артур мергендік танытты. Фати екінші таймның басында алаңға шығып, алты минуттан соң гол соқты.
«АНСУ ФАТИ! 16 жасар. Он алты!» дген жазба жарияланды каталониялық клубтың Instagram желісіндегі ресми парақшасында.
«Осасуна» бес ұпаймен турнир кестесінің бесінші орнында тұрса, каталониялықтар 4 ұпаймен жетінші орынға жайғасты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или