Видео. ҚПЛ: «Атырау» «Ертістен» ірі есеппен жеңілді

Видео. ҚПЛ: «Атырау» «Ертістен» ірі есеппен жеңілді

Футболдан Қазақстан біріншілігінің 25-турында «Атырау» командасы павлодарлық «Ертістен» ұтылды, деп жазады Prosports.kz.

 Матч барысында қонақтар салған жерден шабуылдап, 5-минутта Марко Станоевич гол соқты. «Жығылғанға жұдырық» болғандай, 20-минутта алаң иелерінің қорғаушысы Виталий Устинов тәртіпсіздігінің кесірінен алаңнан қуылды. Одан кейін алма-кезек шабулдарға ұласқан ойынның есебі негізгі уақыт аяқталғанға дейін өзгере қоймады. Тек басымдықтары есіне түсті ме, павлодарлықтар  үдете шабуылдап, 90+2-минута Манзорро,  90+5-минутта Хиди есепті еселеді – 3:0.

«Ертіс» 22 ұпаймен «қауіпті аймақтан» бір саты жоғары, яғни 9-орында тұрса, «Атырау» 18 ұпаймен 11-орынға жайғасқан.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или