<span>Біз осыған дейін хабарлағанымыздай, «Астана» турнирді «Краснодар» академиясының екінші командасына қарсы кездесудегі жеңіспен бастаған еді. Елордалықтар екінші турда Романа Павлюченконың «Былғары доп» академиясына 0:1 есебімен жеңіліп қалды. </span>
<span>Ал бүгін Сергей Калюбин мен Павел Халезов шәкірттері «Зенит» (Волгоград) командасын 2:0 есебімен жеңді. Ойында Алдияр Нұрғали мен Мансұр Есен гол соқты. </span>
<span>Сәлден кейін, астаналықтар «Краснодар» академиясының негізгі командасына қарсы кездесу өткізеді. </span>