Вирджил ван Дейк - Еуропаның ең үздік футболшысы

Вирджил ван Дейк - Еуропаның ең үздік футболшысы

Голландия ұлттық құрамасы мен «Ливерпуль» командасының қорғаушысы Вирджил ван Дейк  2018/2019 жылғы футбол маусымындағы Еуропаның ең үздік ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Футболшы Монакода өткен Чемпиондар лигасының жеребе тастау кешінде марапатталды.

Бұл атақты былтыр Лука Модрич жеңіп алған еді.

Ван Дейк өткен маусымды сәтті өткізді. «Ливерпульмен» бірге футболшы Чемпиондар лигасында топ жарды.

Футболшы Еуропаның үздік ойыншысы атанып қана қоймай, үздік қорғаушысы атағын да иеленді.

Өткен маусымның үздік қақпашысы атағына Алиссон Беккер, үздік жартылай қорғаушысы марапатына Френки де Йонг ие болды. Ал үздік шабуылшысы - Лионель Месси.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или