Мароккода матч кезінде жеті жанкүйер қаза тапты
Әуесқой командалар арасындағы ойын кезінде су тасқыны орын алған.
28 тамыз күні Мароккода су тасқыны әуесқой футбол турнирін тамашалауға келген жеті адамның өмірін қиды.
Straits Times газеті Марокконың оңтүстігіндегі өзен арнасынан асып, ауылдағы футбол алаңын су басып қалғанын хабарлады. Қаза болғандардың арасында 17 жастағы бала және алты ер адам болған. Тағы сегіз адам футболшылар киім ауыстыратын бөлмеден пана іздегенімен, толқын ғимараттың тас-талқанын шығарды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или