Видео. «Аякс» әупірімдеп Чемпиондар лигасының топтық кезеңіне шықты
Өткен маусымдағы UEFA чемпиондар лигасының финалисі амстердамдық «Аякс» Кипрдің АПОЭЛ командасын өз алаңында жеңіп, аталмыш турнирдің топтық кезеңіне жолдама алды, деп жазады Prosports.kz.
Осыдан бір апта бұрын кипрліктер «Аяксты» біраз тықсырып, тең есепке қол жеткізген болатын. Нидерланд командасының әлеуетін ескерсек, бұл кішігірім сенсация деп бағалауға тұрарлық матч болды.
Мамандар мен жанкүйерлер, тіпті букмекерлік кеңселер де қарымта матчта «Аякстың» ірі жеңісін болжаған еді. Дегенмен АПОЭЛ тегеуірінді команда екен. 43-минутқа дейін қарсыласып бақты. Алаң иелерінің қорғаушысы Эдсон Альварес есеп ашып, «Аякс» ойыншылары үзіліске көңілді шықты. Екінші таймның соңына таман сербиялық Душан Тадич тағы бір гол соқты. 30 жасар шабуылшы 7 ойында алты голдың авторы атанғанын айта кету керек.
«Аякс» екі ойынның нәтижесінде Чемпиондар лигасындағы жорығын жалғастырады.