«Брюгге» мен «Славия» Чемпиондар лигасында жарысты жалғастырады

«Брюгге» мен «Славия» Чемпиондар лигасында жарысты жалғастырады

Түнде Чемпиондар лигасы плэй-офф кезеңінің тағы үш матч өтті. Алаң иелері аздаған басымдықпен жеңіске жетті, деп жазады Prosports.kz.

Бельгияның «Брюггесі» австриялық ЛАСК командасын қабылдап 2:1 есебімен ұтты. Алғашқы матч та сырт алаңдағы Брюггенің жеңісімен аяқталған болатын.  Матч сүреңсіз өтті деуге болмас, алайда екінші таймның ортасына дейін есеп ашылған жоқ. Тек 70-минутта Ванакен, 89-минутта Деннис жеңіс голдарын соқты.

Прагалық «Славия» ЧФР-ді тағы 1:0 есебімен жеңді. Румыниялықтар  ойынның басынан-ақ  есепте алға шыққылары келіп бақса да, «Славия» қорғанысының мығым екенін көрсетті. Алаң иелері 66-минутта Борил соққан голдың арқасында жеңіске жетті

Айта кетелік, «Брюгге» мен «Славия» командалары UEFA чемпиондар лигасының, ЛАСК пен ЧФР Еуропа лигасының топтық кезеңдеріне жолдама алды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или