Роман Григорчук: Қалалардың, алаңдардың ауысуы – біздің өміріміз
БАТЭ – «Астана» матчының алдында қазақстандық клубтың бас бапкері Роман Григорчук баспасөз мәслихатына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.
- «Таразбен» өткен матчта Юрий Логвиненко мен Фирмин Мубеле тіпті тізімге де енген жоқ. Олар ертеңгі ойынға дайын ба?
- Айта кетейін, матчқа барлық футболшымыз дайындалып жатыр, ертең алаңға шығатын негізгі құрамды анықтаймыз.
- Командаға ойындардың күрделі кестесі, тұрақты ұшу жағы қаншалықты әсер етеді?
- Ұшу, қалалардың, алаңдардың ауысуы, әртүрлі жағдайлар – бұл біздің өміріміз, сондықтан біз оған тез бейімделіп, дайын болуымыз керек.
- БАТЭ-мен кездесу алдында Марин Томасов пен Антонио Рукавина «Астанамен» келісімшартқа отырды. Бұл ертеңгі матчта олардың мотивациясына әсер ете ме?
- Мен бұл туралы, тіпті, айтқым келмейді, біз тек ертеңгі ойынды ойлауға тиіспіз. Бізге бұл өте маңызды.
- Роман Муртазаев Қазақстан құрамасына шақырылмаған. Сіздің ойыңызша, құрама сапына ену үшін тағы не істеу керек?
- Мен қайталап айтамын, мен ертеңгі ойынды ғана ойлап отырмын, сондықтан қазір құрама туралы айтқым келмейді.
- Команда ертеңгі матчта қалай ойнайды – қорғаныстан бастап шабуылдай ма, әлде допты толығымен өз бақылауына алуға тырыса ма?
- Біздің өз стратегиямыз бар, мен мұны құпия деп айта алмаймын,бірақ қазір оны көпшілік алдында талқылау дұрыс болмас.