Рангело Янга: БАТЭ - өте мықты команда

Рангело Янга: БАТЭ - өте мықты команда

БАТЭ – «Астана» арасындағы Еуропа лигасының қарымта кездесуі алдында елордалық команданың шабуылшысы Рангело Янга ойын туралы пікір білдірді, деп жазады Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

- Ертең Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алатын тамаша мүмкіндік туып тұр. Ойынға тыңғылықты дайындалуға тиіспіз. Алғашқы кездесуде үш гол айырмашылығымен жеңіске жетіп, қарымта ойын алдында басымдыққа ие болып отырмыз. Дегенмен, ертеңгі кездесуде де гол соғуға тырысуымыз қажет. Егер гол соққан жағдайда, біз үшін барлығы жеңіл болары анық.

- Бірінші ойынның нәтижесін есепке алатын болсақ, ертең қарсыластан қандай ойын күтесіз?

- Біз үйдегі кездесуде үш гол соғып, жақсы ойын көрсете алдық. Алайда, БАТЭ - мықты команда. Ертеңгі ойынды жоғары деңгейде өткізіп, өз жанкүйерлерімізді қуантсақ дейміз.

- Сіз алғашқы ойында қосалқы құрамнан алаңға шыққан едіңіз. Ертең бас бапкер сенім артып, негізгі құрамда шығаратын болса, гол соғу немесе нәтижелі пас беру маңызды ма?

- Әрине, негізгі құрамда алаңға шығатын болсам, гол соғып, болмаса нәтижелі пас беруге тырысамын. Дегенмен, мен үшін ең бастысы командаға шабуылда және қорғаныста көмектесу. Біз Еуропа лигасының топтық кезеңіне жолдама алу үшін барлығын жасауға тиіспіз.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или