Әйгілі Ибрагимович «Манчестер Юнайтедке» оралғысы келеді
«Лос-Анджелес Гэлэксиде» доп теуіп жүрген атақты швециялық шабуылшы Златан Ибрагимович «Манчестер Юнайтед» клубына әлі де пайдасын тигізеріне сенімді, деп жазады Prosports.kz.
«Мен - адам емес, арыстанмын және бұл арыстанның күш-қуаты таусылған жоқ. Мен премьер-лигада аса қиналмай-ақ ойнай алатыныма сенімдімін. Егер «Юнайтедке» қажет болсам – келемін», дейді 37 жасар Ибрагимович.
Форвард АҚШ-тың Басты футбол лигасында (MLS) шабуылшылар көшінің 2-орнында тұр. 22 матчта 22 гол соққан Златан 3 ойында қатарынан дубль жасаған.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или