«Ордабасы» – «Шахтер» кездесуінің төрешісі жазаланды

«Ордабасы» – «Шахтер» кездесуінің төрешісі жазаланды

Қазақстан футбол федерациясы төрешілер-сараптау комиссиясының кезекті отырысында басты мәселелердің бірі Қазақстан чемпионатының 24-ші турында шымкенттік "Ордабасы" мен қарағандылық "Шахтер" арасындағы матч соңында пенальтиге алып келген эпизодтың дұрыс-бұрыстығы анықталды, деп хабарлайды Prosports.kz

Он бір метрлік соққыны тағайындауға әкелген сәтті көргеннен кейін комиссия мүшелері пенальти дұрыс тағайындалмаған деген қорытындыға келді. "Комиссияның барлық мүшелері ойын эпизодында ережені бұзу болған жоқ деп бірауыздан шешім қабылдады. Қорғаушы допқа ойнады. Төрешілер командалық жұмыста қате жіберді. Біздің құжаттардағы ережеге сәйкес төреші (Оралдан келген Болат Сариев) маусымның соңына дейін шеттетіледі. Оның ассистенті төрт турға шеттетілді", - деп түйіндеді ҚФФ Төрешілер комиссиясының басшысы Сергей Кенетаев.

Сондай-ақ, Премьер-лиганың 24 – турындағы "Қайсар" – "Жетісу", "Астана" – "Тараз" және "Тобыл" - "Атырау" ойындарындағы даулы жағдайлар да бұл отырыста қаралды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или