Футболдан Қазақстан чемпионы қайтыс болды
Нигерия құрамасы мен «МЖСШМ-Қайрат» клубының бұрынғы ойыншысы Ифеани Чиджине 36 жасында созылмалы дерттен көз жұмды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Бұл туралы Нигерия футбол федерациясының твиттер парақшасы мәлім етті.
<span>Өз мансабында Чиджине әлем чемпионаттарында үш рет ойнады (1999, 2003 және 2007), ал 2000 және 2008 жылдары Олимпиада ойындарына қатысты. </span>
Чиджине америкалық «Индиана», финляндиялық «КМФ Куопио» мен «ПК-35 Вантаа», ресейлік «Звезда-2005» және қазақстандық «МЖСШМ-Қайрат» сапында ойнаған. 2012 жылы ол алматылық команда сапында бірге ел чемпионы атанды.
We are sad to announce the sudden demise of former @NGSuper_Falcons player Ifeanyichukwu Chiejine who passed on after a brief illness on Wednesday, 21st August 2019. Ifeanyi captained the first set of the U19 National Women's team to the first U19 (Now U20) @FIFAWWC in 2002 pic.twitter.com/5SrlZwRROX
— The NFF (@thenff) 22 августа 2019 г.