Дмитрий Шомко «Таразға» қарсы ойынның үздігі атанды

Дмитрий Шомко «Таразға» қарсы ойынның үздігі атанды

Футболшылардың барлық статистикалық көрсеткіштерін есептейтін Instat аналитикалық компаниясы«Астана» - «Тараз» арасындағы кездесудің нәтижелерін жариялады.

Осы көрсеткіштер бойынша Дмитрий Шомко үздік атанды.

Елордалық команданың вице-капитаны аталмыш кездесуде екі нәтижелі пас беріп, екінші қабаттағы допқа таласта үздік нәтиже көрсетті. Шомко одан бөлек, айып алаңына тура пас асыру көрсеткіші бойынша үздік атанды. 

Екінші орынды «Тараз» қақпасына екі гол соққан Дидар Жалмұқан иеленді. «Астана» жартылай қорғаушысы қарсылас қақпасына алты соққы бағыттаған. 

Үздік үштікті Роман Муртазаев қорытындылады. Шабуылшы бұл кездесуде гол соғып қана қоймай, қарсылас қақпасы маңында төрт мәрте гол соғатын мүмкіндік тудырған.   

Instat бойынша үздік бестік:

1.Дмитрий Шомко 321 

2.Дидар Жалмұқан 318 

3.Роман Муртазаев 292 

4.Абзал Бейсебеков 286 

5.Ненад Эрич 274

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или