Тухель: Неймарды командада алып қалғым келеді

Тухель: Неймарды командада алып қалғым келеді

«Пари Сен-Жерменнің» бас бапкері Томас Тухель «Тулузаға»қарсы матчтан кейін бразилиялық форвард Неймардың ықтимал трансфері жайлы ойын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

«Леонардо («ПСЖ-ның» спорт директоры) Неймарды командада алып қалғым келетінін біледі. Жағдай түсініксіз, оны тезірек шешу керек. Ней – тамаша футболшы және ол бізге өте маңызды», - деді Тухель матчтан кейінгі сұхбатында.

27 жастағы футболшы Франция чемпионатының алғашқы үш матчына қатысқан жоқ. Бұған дейін Неймардың өзі «ПСЖ-дан» кеткісі келетінін айтқан болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или