Нұржан Қатаев «Ордабасы» клубының президенті қызметінен кетті

Нұржан Қатаев «Ордабасы» клубының президенті қызметінен кетті

Еркін күрестен әлем чемпионы Нұржан Қатаев шымкенттік «Ордабасы» клубының президенті қызметінен кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Бұл туралы Қатаев өзінің Instagram-парақшасында мәлім етті.

Құрметті достар, менде бір маңызды жаңалық бар: Мен «Ордабасы» футбол клубынан кетудемін. Клуб сапында 2018 жылдың шілде айынан бері жұмыс істеп келемін жəне осы бір жылдан астам уақытта клуб біраз жетістіктерге қол жеткізді деген ойдамын.
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
Осы бір жыл ішінде «Ордабасы» клуб ішіндегі қаржы мəселелерін қалыпқа келтірді, ал биылғы маусымда УЕФА Еуропа Лигасында бақ сынап, еурокубоктарда өзін жақсы қырынан көрсетті, бірінші кезеңде грузиндік «Торпедодан» басым түсіп, екінші кезеңде чехиялық «Млада-Болеславпен» лайықты түрде бəсекелестік тудырды, ал «Қажымұқан» стадионы тарихында тұңғыш рет көрерменге лық толы болды. Бұдан бөлек, «Ордабасының» негізгі командасы Қазақстан чемпионатындағы жоғарғы орындарға таласу үстінде.
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀
Соңғы бір жыл ішінде жұмыстанған барлық əріптестеріме алғыс білдіргім келеді. Біз командамен бірге жоғары жетістіктерге жете алдық, ал өз кезегінде «Ордабасы» қазақ футболындағы көшбасшы ұжымдардың біріне айналды. Болашақта клубтың жоғары нəтижелерге жетуін тілеймін, жəне мен «Ордабасының» ел футболында, сондай-ақ еуропалық ареналарда үлкен жеңістерге қол жеткізетініне сенемін.

Нұржан Қатаев «Ордабасы» футбол клубының президенті болып өткен жылдың жаз айында тағйындалған болатын.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или