«Барселона» Месси мен Суарессіз «Бетисті» тізе бүктірді
Испания чемпионатының 2-турында «Бетис» командасы каталониялық «Барселона» алаңында «сынақ тапсырды», деп жазады Prosports.kz.
Бұл матчқа Месси мен Суарес қатысқан жоқ. Аргентиналық осымен екінші турда ойнамаса, Уругвай шабуылшысы өткен турда жарақат алған болатын.
Матч алма-кезек шабуылдармен басталды. «Барселонаның» сүреңсіз ойнағанын айтпай кетуге болмас, әрине. 15-минутта-ақ қонақтар есепте алға шықты Әріптесі Лореннен пас алған Фекир есеп ашқан. Каталониялықтар тек бірінші тайм соңында оянғандай болды. Серхио Робертс Гризманға қарай пас асырған. Франциялық аяғын қоя салып, доп бағытын өзгеріп жіберді. 1:0.
Екінші таймның басында Робертс тағы да Гризманға пас жеткізген, франциялық дубль авторы атанды. Бұдан кейін ерінбегеннің бәрі гол соқты. Перес, Альба мен Видаль айналасы 21 минут ішінде есепті 5:1-ге жеткізді. Матч соңына таман Лореннің өзі «Бетистің» екінші голын салды. Қорытынды есеп 5:2.