Роман Григорчук: Біз жақсы нәтижеге қол жеткіздік
"Астана" Премьер-Лиганың 24-ші туры аясында "Таразға" қарсы ойнап, 5:0 есебімен тас-талқан етті. Ойын соңында елорда командасының бас бапкері Роман Григорчук кездесу туралы пікірімен бөлісті, деп хабарлайды Prosports.kz, елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
- Біз бүгін жақсы ойын өрнегін көрсетіп, тамаша нәтижеге қол жеткіздік.
- "Астана" бесінші ойын қатарынан жеңіске жетті. Команда кризистен шығып, өз ойынын толықтай тапты ма?
- Бізде шынын айтсам кризис болды дей алмаймын. Біз осыған дейінгі ұпай жоғалтқан ойындарда бүгінгіден жаман ойын көрсеткен жоқпыз. Біз ол ойындарда өзімізде болған мүмкіндіктерді лайықты пайдалана алмадық. Кейбір сәтте төрешілер қателесіп жатты. Сондықтан, ол сәттерді кризис емес, тек сәттілік біздің тарапта болмады деп қабылдау қажет.
- Жарко Томашевичтің көрсеткен ойынына қандай баға бересіз?
- Ол бүгін біз күткендей ойын үлігісін көрсетті. Ал қызыл қағазға келетін болсам, мен ол сәтті жіберіп алдым. Сондықтан, бұл жағдайға пікір білдіре алмаймын.
- Бүгінгі Дидар Жалмұқанның көрсеткен ойынынан кейін, оның БАТЭ-ге қарсы сырт алаңдағы ойынға қатысу мүмкіндігі артты дей аласыз ба?
- БАТЭ командасына қарсы кездесуде кімдердің алаңға шығатынын 29-ы түсте шешетін боламыз. Бүгін Дидардың алаңға шығып, гол соққандығына біз де шынымен қуаныштымыз.