Роман Григорчук БАТЭ-нің басты қаруы - командалық ойыны
Еуропа лигасының плей-офф кезеңі аясындағы «Астана» - БАТЭ арасындағы кездесу алдында елордалық команданың бас бапкері Роман Григорчук журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.
— Жарко Томашевич негізгі құрамда алаңға шығуға қаншалықты дайын?
— Бірінші минуттан алаңға шығады дей алмаймын. Ол бабына келіп үлгерген жоқ.
— Мубеле «Валеттаға» қарсы кездесуде алаңға шыққан жоқ. Жарақаттан аман ба?
— Біз соңғы аптада жаттығу жұмыстарын толық құраммен өткіздік. Жарконы қоспағанда, бәрі алаңға шығуға толық дайын. Ал негізгі құрамда кімдердің алаңға шығатынын ертең шешетін боламыз.
— БАТЭ сапынан қай ойыншыны ерекше атап өте аласыз?
— БАТЭ командасының көп ойыншыларына ерекше тоқталуға болады. Дегенмен, олардың басты қаруы командалық күште жатыр. Олар - ойын жүйесі дұрыс жолға қойылған, өте ұйымшыл команда.
— Таза шабуыл шебінің ойыншысы Рангело Янганың аз гол соғып жүргенін ескеретін болсақ, команда шабуыл шебіндегі қиындықты қалай шешпек?
— Біздің қазіргі бар ойымыз ертеңгі кездесуде. Әрине, әр ойында көп гол соққымыз келеді. Дегенмен, барлығына шынайы көзбен қарау қажет. Мен дәл қазір өз шабуылшыларыма сын артқым келмейді. Олар ойыннан ойынға өз ойындарын жақсартып келе жатыр деп есептеймін. БАТЭ командасына қарсы кездесуде олар өздерін өте жақсы қырынан көрсетеді деп сенемін.
— Белоруссиялық БАҚ өкілдері «Астана» мен БАТЭ командаларының ұқсастығы туралы жазған еді. Осы пікірмен келісесіз бе?
— Футболда ұқсастықтарды әр кезде тауып алуға болады. БАТЭ — мүлде басқа команда. Біздің ойын жүйеміз ұқсас дей алмаймын. Менің басқа айтарым жоқ. Мүмкін, осы ойыннан кейін ұқсастық болса байқай жатармыз. Біз БАТЭ туралы барлық ақпаратты білеміз.
— БАТЭ командасының осал тұсы оң қапталдағы қорғаушысы Риос деген пікірлер жиі айтылуда. Соңғы кездесулерде румыниялық жартылай қорғаушы қапталда жақсы ойын көрсеткенін ескерсек, Ротариуды осы ойыншыға қарсы пайдалану ойыңызда жоқ па?
— Риос қарсыластың осал тұсы деген пікірмен келіспеймін. Ол - жақсы ойыншы. Ал Ротариуға келер болсақ, бүгін жаттығу жұмыстарында барлық ойыншыларды бақылайтын боламыз. Ертең барлығын көре жатарсыздар.
— Мальтадағы кездесуде Лука Шимунович ойынның екінші бөлігінде орталық алаңда ойнады. Болашақта оны осы позицияда қолдану ойыңызда бар ма?
— Лука - әмбебап футболшы. Алайда, оның қай позицияда жақсы ойнайтынын дәл қазір дөп басып айта алмаймын. Ертеңгі кездесуде ол қорғаныстың орталық бөлігінде алаңға шығады деп ойлаймын. Әрі қарай көре жатармыз.