«Реалдың» жаңа жұлдызы екі ойынға қатыса алмайды

«Реалдың» жаңа жұлдызы екі ойынға қатыса алмайды

«Реал» жартылай қорғаушысы алдағы екі ойынға қатыса алмайтын болды, деп жазады Prosports.kz испаниялық басылымдарға сілтеме жасап.

Хавбек 24-тамыз күні Вальядолидпен және 1-қыркүйекте «Вильярреалмен» өтетін ойындарда алаңға шықпайды.

Азар санынан жарақат алып, Испания чемпионатының бірінші турын жанкүйер ретінде тамашалаған болатын.

Еске сала кетейік, «Реал» алғашқы турда «Сельтаны» 3:1 есебімен жеңді. Эден Азар «Реалға» «Челсиден» осы жазда ауысып барды. Футболшының трансферлік құны 163 миллион еуроны құрады.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или