Әлем футболы

Этникалық қазақ Ресей Премьер-лигасындағы алғашқы матчын өткізді

Этникалық қазақ Ресей Премьер-лигасындағы алғашқы матчын өткізді
news-banner7
mobile-news-top

Этникалық қазақ Исламжан Насыров «Уралдың» сапында Ресей Премьер-лигасындағы алғашқы матчын өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Кәсіпқой футболға 17 жасында аяқ басқан қорғаушы биыл Ресейдің деңгейі жағынан үшінші лигасында бақ сынайтын «Носты» командасынан «Уралға» ауысқан. 21 жастағы футболшы келе салып «Уралдың» жастар командасында 2 матч өткізіп үлгерді.

Қазір Исламжан Насыровтың нарықтағы құны 225 мың еуроны құрайды.

Этникалық қазақ Орынбор облысындағы Лужки ауылында өмірге келген. 2019 жылы Неапольде өткен Универсиадада Ресей құрамасының сапында өнер көрсетті.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер