Роман Муртазаев: Ойын есебіне қарамастан, бізге әлі де көп еңбектену қажет

Роман Муртазаев: Ойын есебіне қарамастан, бізге әлі де көп еңбектену қажет

«Валлетта» - «Астана» арасындағы ойында Роман Муртазаев дубль жасап, кездесудің қаһармандарының бірі атанды. Ойын соңында Қазақстан ұлттық құрамасының шабуылшысы клубтың баспасөз қызметіне матч туралы пікірімен бөлісті:

- Біз Мальтаға тек жеңіс үшін бардық. Құдайға шүкір сол жоспарымыз өз жемісін берді. Біз жақсы ойын өрнегін көрсетіп, көп гол соға алдық. Дегенмен, ойында тіркелген нәтижеге қарамастан, бізге әлі де көп еңбектену қажет. Алда барлығы жақсы болатындығына сенемін және өз жеңістерімізбен жанкүйерлерді барынша қуантатын боламыз. 

- Мальтадағы стадионда жиналған жанкүйерлердің қолдауын сезіне алдыңыз ба? 

- Оларға бізді қолдағаны үшін ерекше алғыс білдіремін. Біз үшін алаңдайтын жандардың бары шынымен де өте керемет. Және де өз елімізде біз үшін тақым қысқан жанкүйерлерге де алғыс айтқым келеді.  

- Келесі қарсылас – БАТЭ. Беларустарға қарсы кездесуден не күтесіз?

- БАТЭ – еурокубоктердегі тәжірибесі мол, жақсы команда. Бізге қарсыластың қандай команда болғандығына қарамастан, өз алдымызға жүктелген міндетті орындауға дайындалу қажет. Ол біздің қолымыздан келеді деп үміттенемін. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или