«Қайсардың» қорғаушысына «Қайрат» пен «Астана» қызығып отыр

«Қайсардың» қорғаушысына «Қайрат» пен «Астана» қызығып отыр
news-banner7
mobile-news-top

«Қайсар» командасының қорғаушысы Александр Марочкинге Қазақстан Премьер-лигасының үздік клубтары қызығып отыр.

Prosports.kz сайтына белгілі болуынша, 29 жастағы ойыншы мансабын «Қайратта» немесе «Астанада» жалғастыруы мүмкін.

Айта кетейік, Марочкин мансабын «Іле-Сәулет» командасында бастаған. Кейін «Каспий» және «Оқжетпес» сапында доп тепті. Ал 2018 жылдан бастап қызылордалық «Қайсарда» өнер көрсетіп жүр. Қазіргі командасымен келісімшарты 2020 жылдың соңына дейін жарамды.

Александр Еуро-2020 іріктеу кезеңі аясында өткен Бельгияға (0:3) қарсы ойында Қазақстан құрамасы сапындағы алғашқы матчын өткізді.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер