Әлем футболы

Қазақстандық бала «Ливерпульге» UEFA суперкубогын табыстады

Қазақстандық бала «Ливерпульге» UEFA суперкубогын табыстады
news-banner7
mobile-news-top

UEFA суперкубогының марапаттау шарасына қазақстандық Әли Тұрғанбеков те қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.

Стамбұлдағы матч ойын соңындағы пенальтиге ұласты. Бес мүмкіндікті де мүлт жібермеген мерсисайдтықтар жеңіс тойын тойлады. Ойыннан кейін «Ливерпуль» ойыншылары UEFA президенті Александр Чефериннің қолынан медаль алды және құрметті қонақ ретінде қатысқан Әлимен амандасуды да ұмытпады.

Ең бастысы Әли Тұрғанбеков кубокты жеңімпаздардың капитаны Джордан Хендерсонға өзі табыс етті.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер