«Валеттаның» бас бапкері: «Астана» - өте мықты ұжым
«Валетта» - «Астана» матчы қарсаңында мальталық клубтың бас жаттықтырушысы Даррен Абдилла журналистердің сұрағына жауап берді, деп хабарлайды Prosports.kz «Астана» футбол клубының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">- Қазақстандағы матч өте күрделі болды. Бірақ мына матч 0:0 есебімен басталады. Сондықтан жақсы нәтиже көрсетуге тырысамыз. </span>
- Өткен ойынның нәтижесі сіз күткендей болды ма?
- Біз әр матчқа тыңғылықты дайындаламыз, мұндай нәтиже күтпедік. Мен ешкімді кінәламаймын және бар жауапкершілікті мойныма алатын адаммын. Рас, біздің проблемаларымыз көп болды, алайда жақсы ойы үлгісін көрсетерміз деп үміттендік. Бірақ «Астана» - өте мықты ұжым.
- Жарақат алға ойыншыларыңыз бар ма?
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;">- Бар, бірақ олардың бірнешеуі ертең ойнайды деп үміттенеміз.</span>
<span style="font-style: inherit; font-weight: inherit;"> </span>