«Астана» футбол клубының шабуылшысы: Мальтаға жеңіс үшін келдік

«Астана» футбол клубының шабуылшысы: Мальтаға жеңіс үшін  келдік

 

«Астана» футбол клубының шабуылшысы Роман Муртазаев мальталық «Валеттамен» болатын қарымта матч туралы пікір білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz елордалық клубтың ресми сайтына сілтеме жасап.

- Ең бастысы, бірінші матчта маңызды жеңіске жеттік. Сондықтан психологиялық тұрғыдан бізге оңай болары анық. Бірақ алғашқы ойынның нәтижесіне қарамастан, ертең де жеңгіміз келеді және біз тек жеңіске жету үшін келдік. Мен бұл нәтижеге қол жеткізетінімізге сенемін, дейді футболшы.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или