Еуропа лигасы: «Легия», «Арарат», «Гимарайнш» командалары келесі кезеңге өтті

Еуропа лигасы: «Легия», «Арарат», «Гимарайнш» командалары келесі кезеңге өтті

Еуропа лигасы іріктеу кезеңінің үшінші айналым матчтары өтіп жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz.

Енді ғана аяқталған матчтарға тоқтала кетсек. Грекияда Польшаның «Легиясын» қабылдаған «Атромитос» 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Гол авторлары – Столарски мен Гвилия. «Легия» екі матч қорытындысы бойыша келесі айналымға жолдама алды.

Тбилисидің «Сабуртало» футбол клубы көршілес Арменияның «Араратымен» күш сынасып, 0:2 есебімен жол берді. Матчта Кобялко мен Аветисян мергендік танытты. Жалпы есепте 3:2 есебімен алға шыққан армениялықтар жарысты жалғастырады.

Португалияда жергілікті «Гимарайнш» Латвияның «Вентспилсымен» ойнап, 6:0 етіп жеңді. Матчта Рохинья дубль жасаса, Давидсон, Тейшейра, Сильва Соуза мен Пепе Родригестер бір голдан соқты. Екі матчтың қорытындысы – 9:0.

Еуропа лигасының қалған матчтары бүгін өтеді.        

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или