Мадридтіктер Неймарды сатып алатын қаржыға Винисиусты қосып бермек

Мадридтіктер Неймарды сатып алатын қаржыға Винисиусты қосып бермек

Мадридтің «Реалы» «Пари Сен-Жерменге» Неймарға қатысты жаңа ұсыныс жасауға дайын, деп хабарлайды Prosports.kz испаниялық Sports.es сайтына сілтеме жасап.

«Реал» Неймар үшін оның отандасы Винисиус Джуниорды да беруге дайын. Мұның алдында испаниялық клуб Бэйл, Иско және Лука Модричтерді айырбастауға дайын екенін мәлімдеген. Дегенмен бұл футболшылардың ешқайсысы ПСЖ-ны қызықтыра қоймады.

Еске сала кетейік, мадридтіктер Винисиусты 2017 жылы 60 миллион еуроға сатып алған болатын. Жартылай қорғаушы өткен маусымда 18 матчқа қатысып, екі рет мергендік танытқан.

Клуб басшысы Флорентино Перес Неймарды қайткен күнде де алғысы келеді, себебі ол Роналдудың жоқтығы білдірмейді деп санайды.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или