«Оқжетпестің» 19 жасар ойыншысы көз жұмды

«Оқжетпестің» 19 жасар ойыншысы көз жұмды
news-banner7
mobile-news-top

Көкшетау футболының түлегі, «Оқжетпес» жастар командасының ойыншысы Роман Зюзин 19 жасында өмірден өтті, деп жазады Prosports.kz сайты.

- Жақын туыс-достарыңды жоғалту қиын екені белгілі. Мықты жастардың бақилық болуы екі есе ауыр тиеді. «Оқжетпес» футбол клубы өмірден өткен Роман Зюзиннің отбасына, жақын туыс-бауырларына қайғырып көңіл айтады. Роман Көкшетау футболының түлегі, «Оқжетпестің» жастар командасында өнер көрсетті, - делінген клубтың хабарламасында.

Роман Зюзин 2000 жылыдң 23 ақпан күні туған. Ол биылғы маусымда «Оқжетпестің» жастар командасында 14 матч өткізіп, 1 гол соққан.

Түпнұсқасы: Prosports.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер