Қазақстандық бала «Ливерпульдің» жаттығу жиынына қатысты
Қазақстандық бала Әли Тұрғанбеков УЕФА Суперкубогының матчы алдында Ыстамбұлда «Ливерпульдің» жаттығу жиынына қатысты, деп хабарлайды Prosports.kz.
Аяқсыз дүниеге келген Әли Инстаграм парақшасында ағылшындық клубтың футболшыларымен түскен суреттерімен бөлісіп: «Мен өте бақыттымын» - деген жазба қалдырды.
Әли Тұрғанбеков Талдықорған қаласында дүниеге келген. Ол жеті жасында Андрей Малаховтың бағдарламасына қатысып, сол жерде алғаш рет Вуйчичпен кездесті.
Айта кетейік, Әли осыған дейін Диего Марадона, Лионель Месси, Андрей Шевченко секілді әлем футболының жарқын жұлдыздарымен де кездескен болатын.
«Ливерпуль» мен «Челси» арасындағы УЕФА Суперкубогы үшін матч елорда уақыты бойынша тамыздың 14-нен 15-не қараған түні сағат 01:00-де Түркия астанасы Ыстамбұл қаласындағы «Бешикташ Парк» стадионында өтеді.