Дамир Даутов: Команда үшінші айналымға өте мықты дайындалуда
— Дамир, жеңіс құтты болсын! «Шахтерға» қарсы матч қалай өтті?
— Рахмет! Негізінен, «Шахтермен» ойынға өте тыңғылықты дайындалдық, біз қарсыластың ұйымдасқан ойын көрсететін команда екенін түсіндік. Бұл сөзіме олардың «Астанамен» өткізген соңғы ойындары дəлел.

Ойын біз үшін сəтті нотада аяқталды, біз мүмкіндіктерді голға айналдырып, жеңіске жеттік. Əрине, бұдан да көп гол соға алатын едік, дегенмен осының өзі жеткілікті болды. Матч соңына таман, қажет емес гол өткізіп алдық, команда соңғы минутқа дейін күресті. Барлығын жеңіспен құттықтаймын, жанкүйерлерге қолдаулары үшін мың алғыс.

— Алда біріншіліктің соңғы кезеңі, команданың дайындығы қалай?
— Əрине, команда үшінші айналымға өте мықты дайындалуда. Бізде 11 тур қалды, команданың басты ойы — əр матчта жеңіске жету, əр кездесу финалмен пара-пар болмақ, барынша жоғары нəтижеге қол жеткізуіміз керек, ал қандай орынға табан тірейтінімізді маусымның аяғында көре жатармыз. Еурокубокта өнер көрсету үшін, кем дегенде үздік үштікке ілігуге тиіспіз.