Александр Седнев: Бүгінгі ойын бізге жақсы сабақ болары анық
«Ақтөбе» - «Астана» арасындағы кездесу аяқталғаннан кейін ақтөбелік команда бас бапкеріАлександр Седнев ойын туралы пікірімен бөлісті:
<span>- Алдымен барша қазақстандықтарды бүгінгі мерекемен құттықтағым келеді. Және де біздің «13 секторды» айтулы мейрамдарымен құттықтаймын. Стадионда тамаша футбол атмосферасын құрған жанкүйерлерге ерекше алғыс білдіремін. Дәл бүгінгідей қолдаудан кейін, жеңіліп қалғанымыз өте өкінішті. Біз бүгін алаңда көп күш жұмсадық. Қарсылас команда кездесудің басында стандарттан гол соғып кетті. Дегенмен, біз ойынға қайта оралып есепті теңестіре алдық. Одан кейін алаңда ашық футбол орын алды. Бүгінгі жағдай біздің ойыншыларға ерекше сабақ болып, олар алдағы уақытта жаңа деңгейге шығады деп сенемін. Біз өте тәжірибелі командаға қарсы ойында көп қателікке бой алдырып алдық. Бірақ, қандай жағдай болмасын мен өз футболшыларыма ризамын. Біз үшін ілгері жылжып, алдағы ойын жүйемізге іргетас қалау өте маңызды. Ал "Астанаға" халықаралық аренада сәттілік тілеймін. Біз олар үшін тақым қысатын боламыз.</span>