Мартинес: «Коста жақында АПЛ-дің басқаша екенін түсінеді»

«Эвертонның» бас бапкері Роберто Мартинес қарсыласының ойыншыларын арандатқан Диего Костаның қылығы туралы пікірін айтты. <o:p></o:p>

Естеріңізге сала кетсек, Шеймус Коулмэннің автоголынан кейін Коста допты алып, ирландиялыққа бір нәрсе деп айқайлады. Осы оқиғадан кейін Коста мен «Эвертон» қақпашысы Тим Ховард арасында қақтығыс боп қалған болатын. <o:p></o:p>

«Шет елдік ойыншыларға Премьер-лигаға ауысқаннан кейін, бұл жақтың мәдениеті мен әдебі бөлек екенін түсіну керек. Сенің қолыңнан келетін ең жаман нәрсе – басқа футболшыны құрметтемеу, тіпті, ол саған қарсы ойнаса да. Мұны Коста тез түсінеді деп ойлаймын. <o:p></o:p>

Алаңда өз-өзіңді ұстау – британиялық ойынның бірден-бір ерекшелігі. Бұл лигада ойнау үшін кәсібилік пен құрмет қажет. <o:p></o:p>

Костаға біраз уақыт керек, кейін бұл лиганың басқаша екенін түсінеді, оған ойыншылардың өзі икемдену қажет, лига жаңа ойыншылардың әдеттерін қабылдамайды», - деді Мартинес.

<o:p></o:p>

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или