Қызылордалықтар қонақта маңызды үш ұпай иемденді

Қызылордалықтар қонақта маңызды үш ұпай иемденді
news-banner7
mobile-news-top

Қазақстан премьер-лигасының 22-турында Атырауға қонаққа барған Қызылорданың «Қайсары» екі гол айырмасымен жеңіске жетті, деп жазады Prosports.kz.

«Қасқырлар» алғашқы таймнан-ақ ойын тізгінін қолдарына алған. Клубтың үздік шабуылшысы Тигран Барсегян 31-минутта пенальтиден есеп ашты. Араға алты минут салып Антипов есепті теңестірді. Ал тайм соңында Барсегян қызылордалықтардың екінші голын соғып кетті.

Екінші таймда «Атырау» аса бір басымдық көрсете алмады. Қайта «Қайсар» жүйелі шабуылдарға иек артып, армениялық шабуылшы хет-трик жасады. Есеп 1:3.

Қонақтар үш ұпайдың арқасында 37 ұпаймен 5-орнын сақтап, шымкенттік «Ордабасыға бір қадам жақындады

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер