Мюнхендік клуб «Роттах-Эгернді» ірі есеппен ұтты
Атақты «Бавария» Тегрензе курортты қаласында жергілікті «Роттах-Эгерн» әуесқой футбол командасын 23:0 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.
Жолдастық кездесуді 2500 адам тамашалаған. Матчта Левандовский, Мюллер, Горетцка, Квази Окиере Вридт хет-трик жасаса, Толиссо покер жасады. Толиссо 4 минутта 4 гол соқты. Ойында барлығы 10 адамның қанжығасы майланды. Бірінші тайм біткенде, есеп 11:0 болған. Үзілістен кейін тағы он екі гол соғылды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или