Азардың «Реалда» қандай нөмірмен өнер көрсететіні анықталды

Азардың «Реалда» қандай нөмірмен өнер көрсететіні анықталды

Жақында ғана «Челси» футбол клубынан «Реалға» ауысқан Эден Азардың әр қадамын жанкүйер қауым назарында ұстап отыр, деп жазады Prosports.kz.

«Корольдік клуб» бүгін бельгиялықтың қандай нөмірмен өнер көрсететін ресми жариялады. 

Команданың жаңа көшбасшысы алдағы уақытта әйгілі 7-ші нөмірлі жейдемен өнер көрсетеді. Клуб бұл ақпаратты бүгін ғана жариялағанымен, көп санды мамандар Азардың жаңа командасында дәл осы нөмірді таңдайтынына сенімід болған. Тіпті ойыншы командаға ауысып келе сала клубтың кейбір ресми дүкендері Азардың 7-ші нөмірлі жейделерін сата бастаған.

Бәріміз білетіндей, бұл номерді өткен маусымда шабуылшы Мариано Диас таққан. Ол енді 24-ші нөмірді киетін болады.

Айта кетейік, Transfermarkt мәліметі бойынша, мадридтік клуб 28 жастағы ойыншы үшін «Челсиге» 100 млн еуро төлеген көрінеді.

(https://www.realmadrid.com)

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или