«Тараз» қаржылық қиындықтарға тап болды
Prosports.kz-ке белгілі болғандай, «Тараздың» ойыншылар алдындағы қарызы бар.
«Тараз» - Премьер-Лигадағы ең қарапайым бюджеті бар команда. Басшылық футболшыларына бір мәрте ғана сыйақы төлеген екен. Вахид Масудов жігіттері біріншілікте бес рет жеңіске жеткенін ескерсек, әрине аз. Оның үстіне ел чемпиондары «Астана» мен өткен турда ғана «Ордабасыны» тізе бүктірді.
Сонымен қатар, клубта жалақы бойынша да қарыздар бар. Оны футболшыларға бөліп төлеп жатыр екен.
Еске сала кетейік, «Тараз» Біріншлі Лигадан ҚПЛ-ға осы маусымда оралды. 19 ұпаймен жамбылдықтар турнирлік кестенің тоғызыншы орнында тұр. Келесі тур команда өз алаңында «Қайратты» қабылдайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или