Бактиер Зайнутдиновті допингке тексерді
Қазақстан құрамасының ойыншысы Бактиер Зайнутдинов өнер көрсететін «Ростов» Ресей Премьер-лигасының алғашқы айында допинг тексерістен ең көп өткен команда атанды, деп жазады Prosports.kz сайты.
Ресейдің допингке қарсы агенттігінің мәлметінше, шілде айында «Ростовтың» бес бірдей футболшысының қан сынамасы алынған. Олардың ішінде қорғаушы Евгений Чернов, жартылай қорғаушылар Алексей Ионов, Бактиёр Зайнутдинов, Александр Зуев пен Роман Еременко бар.
Ал жалпы алғанда шілде айында РПЛ-дың 26 футболшысын допингке тексерілген.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или