Мәскеулік «Локомотивтің» түлегі ҚПЛ-ға оралуы мүмкін
Ресейлік қорғаушы Даниил Чертовке Қазақстан Премьер-лигасының алғашқы алтылығындағы клубтар қызығушылық танытып жатыр, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
<span>Чертов – мәскеулік «Локомотив» футбол мектебінің түлегі, бірақ «теміржолшылардың» негізгі командасында ойнамаған. Футболшы орталық қорғаушы позициясында өнер көрсетеді, бірақ қажет болған жағдайда қорғаныстың оң қапталы және жартылай қорғаныс позицияларын жаба алады. </span>
<span>Ресейлік ойыншының ҚПЛ-да тәжірибесі бар: 2015 жылы ол «Оқжетпес» сапына ауысқан. Көкшетаулықтар сапындағы үш маусымда 57 матч өткізіп, бір бір гол соққан. </span>
<span>Айта кетейік, Соңғы бір жарым жыл бойы Чертов клубсыз жүр.</span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Подписывайтесь на cпортивные новости Казахстана и мира
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или