Тәжірибелі қазақстандық жаттықтырушы Ресейдің үш клубына ұсыныс тастады
«Рубин» футбол клубының бұрынғы бапкері Құрбан Бердыев жаңа команда іздеп жүр, деп хабарлайды Prosports.kz ресейлік БАҚ-тарға сілтеме жасап.
66 жасар маман Ресей Премьер-лигасының «Ростов», «Динамо» және «Локомотив» сынды үш клубына өз қызметін ұсынды
Аса тәжірибелі жаттықтырушы маусымаралық уақытта келісім-шарт жасауды талап етпейді. Ол өз міндеттеріне кейінірек кірісуге де әзір.
Естеріңізге сала кетейік, Бердыев «Ростов» командасын 2014 жылдың желтоқсан айынан бастап, 2016 жылдың тамыз айына дейін баптаған болатын. Ол жаттықтырған Дондағы Ростовтың командасы 2015/16 маусымында РПЛ күміс жүлдегері атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или