Атышулы италиялық Бразилияда доп тебуі мүмкін
Италия құрамасының бұрынғы шабуылшысы Марио Балотелли мәнсабын Бразилияда жалғастыруы мүмкін. «Фламенго» футбол клубы 28 жасар италиялыққа жаңа келісімшарт ұсынды, деп хабарлайды .
«Марио - тамаша ойыншы, біз онымен сөйлестік. Ол «Фламенго» ойынына қызығушылық танытты, бірақ әзірге ештеңе шешілген жоқ. Бізге тағы да көп мәселені талқылау керек», – деді бразилиялық клуб президенті Родолфо Ландим.
Қазір шабуылшының еркін агент болып жүргені белгілі . 2018-19 маусымда ол «Ницца» және «Марсельде» ойнады. «Ницца» сапында 10 ойынға қатысып, бір нәтижелі пастың авторы атанса, «Марсель» құрамында 15 матчқа қатысып, 8 гол соқты.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или