«БИІК-Қазығұрт» қарсыласын ірі есеппен жеңді
Әйелдер арасындағы УЕФА Чемпиондар лигасы алғашқы іріктеу кезеңінің бірінші матчында шымкенттік «БИІК-Қазығұрт» Фарер аралдарының «Стреймур» клубын 9:0 есебімен ойсырата жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz сайты.
Әйелдер арасындағы Чемпиондар лигасының ерлерден айырмашылығы, мұнда іріктеу кезеңінде төрт команда бір топта және бір жерде ойнайды. Эстонияда ойнап жатқан ел чемпионының тағы екі қарсыласы: ПК-35 (Финляндия) және жергілікті «Флора» клубтары.
Тағы бір айта кетерлігі, бүгінгі ойында Гүлнара Габелия 5 голдың авторы атанды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или