ҚПЛ-дың шілде айындағы үздік бапкері мен ойыншысы белгілі болды.

ҚПЛ-дың шілде айындағы үздік бапкері мен ойыншысы белгілі болды.

Қазақстанның кәсіпқой футбол лигасының сауалнамасы бойынша шілде айының үздік бапкері мен ойыншысы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz

«Қайрат» футбол клубының бас жаттықтырушысы Александр Шпилевский 4 дауыспен жеңіске жетсе, оның ізін ала «Ақтөбені» жаттықтыратын Александр Седнев үш дауыспен екінші орынға тұрақтады. Естеріңізде болса, Шпилевский - сыннан көз ашпай келе жатқан бапкерлердің бірі. Еуропа лигасынан шығып қалғаны болмаса, оның командасы соңғы кезде тамаша ойнап жүр. Сол себепті Александрдың  жеңісіне клубтың жарқын ойындары себеп болса керек.

«Қайраттың» капитаны Бауыржан Исламхан да үздік болып танылды. Оның еншісінде он жеті ұпай бар.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или