«Арсенал» Коутиньоны алудан бас тартты
«Барселонаның» жартылай қорғаушысы Филиппе Коутиньо командадан кетпейтін секілді.
Өйткені бұған дейін бразилиялық футболшыға қызығушылық танытқан «Арсенал» оны жалға алудан бас тартқан. Дегенмен «Арсеналдың» орнына Коутиньоны «Тоттенхэм» алмақ ниетте екен. Бірақ футболшының өзі каталондық командадан кеткісі келмейтінін мәлімдеген.
27 жастағы Филиппе Коутинью 2018 жылы «Ливерпульден» «Барселонаға» ауысты. Осы уақыт ішінде ол каталониялық клуб сапында 76 матч өткізіп, 21 гол соқты және 11 мәрте нәтижелі пас берген. Оның «Барселонамен» келісімі 2023 жылдың 30 маусымына дейін әрекет етеді. Ал трансферлік құны 90 миллион еуроны құрайды.
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или