«Астананың» бұрынғы ойыншысы Ресей чемпионатында үздік гол соқты

«Астананың» бұрынғы ойыншысы Ресей чемпионатында үздік гол соқты

Грозныйлық «Ахмат» РПЛ-дің 4-ші турында «Орынборды» жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Алаң иелері сапынан Евгений Харин (49-шы минутта) мен Одисе Роши (70-ші минутта) гол соқса, бұған қонақтар қатарынан Джордже Деспотович жалғыз голмен жауап қатты.

Айта кетерлігі, «Астананың» бұрынғы шабуылшысы соққан осы гол әдемілігімен жанкүйер есінде қалды. Ресей чемпионатының осы турындағы үздік гол атағын алуға әбден лайық соққы болды. 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или