Коутиньоның  Каталониядан ешқайда кеткісі жоқ

Коутиньоның  Каталониядан ешқайда кеткісі жоқ

 «Барселона»<span> жартылай қорғаушысы Филиппе Коутинью командада қалғысы келеді, деп хабарлайды испаниялық БАҚ. Бұған дейін хабарланғандай, бразилиялыққа «Арсенал» футбол клубы қызығып, жалға алсақ деп алақан ысқылап отыр.</span>

Енді футболшыға жақын дереккөзге сүйенсек, Коутиньо жақ жалға алу мен бару жағына қарсы. Филиппе өзін каталониялық клубта көрсеткісі келеді-мыс.

27 жастағы Филиппе Коутинью 2018 жылы «Ливерпульден» «Барселонаға» ауысты. Осы уақыт ішінде ол каталониялық клуб сапында 76 матч өткізіп, 21 гол соқты және 11 мәрте нәтижелі пас берген. Оның "Барселонамен" келісімі 2023 жылдың 30 маусымына дейін әрекет етеді. Ал трансферлік құны, transfermarkt деректері бойынша 90 миллион еуроны құрайды.

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или