Мессидің жазасы ұзарды

Мессидің жазасы ұзарды

Оңтүстік Америка футбол конфедерациясы (CONMEBOL) Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессидің жазасын қайта қарап, оны үш айға дейін созды. Бұл туралы аталмыш ұйымның баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Prosport.kz.

Бұдан бұрын Месси 1 ойыннан шеттетіліп, 1,5 мың АҚШ доллары көлемінде айыппұл төлеуі керек болатын. 32 жастағы шабуылшы 2022 жылы Катарда өтетін әлем чемпионатының алғашқы іріктеу матчына қатыспайды деп болжанған, енді футболшы Аргентина ұлттық құрамасы сапында тек қараша айында ғана ойнай алады. Сондай-ақ айыппұл мөлшері де өсіп, 50 мың АҚШ долларын құрады.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или