Черногория құрамасының қорғаушысы «Астанаға» ауысты
Черногория құрамасының қорғаушысы Жарко Томашевич «Астана» футбол клубымен еңбек келісімшартына қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz елорда клубының ресми сайтына сілтеме жасап.
<span>Жарко бес дүркін Қазақстан чемпиондары сапына еркін агент ретінде қосылды. </span>
<span>Томашевич Белгия чемпионатының жоғарғы лигасында «Кортрийк» және «Оостенде» командалары сапында ойнап, 141 кездесу өткізіп, 11 гол соққан. Одан бөлек, сербиялық «Партизан» және португалиялық «Насиональ» сапында Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойнаған. </span>
<span>Жарко Черногория ұлттық құрамасы сапында өткізген 35 кездесуде 4 гол нәтижелі соққысымен көзге түскен. Соның ішінде бір голды Қазақстан құрамасының қақпасына соққан. </span>
Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или