Черногория құрамасының қорғаушысы «Астанаға» ауысты

Черногория құрамасының қорғаушысы «Астанаға» ауысты
news-banner7
mobile-news-top

Черногория құрамасының қорғаушысы Жарко Томашевич ​«Астана» футбол клубымен еңбек келісімшартына қол қойды, деп хабарлайды Prosports.kz елорда клубының ресми сайтына сілтеме жасап.

Жарко бес дүркін Қазақстан чемпиондары сапына еркін агент ретінде қосылды.

Томашевич Белгия чемпионатының жоғарғы лигасында «Кортрийк» және «Оостенде» командалары сапында ойнап, 141 кездесу өткізіп, 11 гол соққан. Одан бөлек, сербиялық «Партизан» және португалиялық «Насиональ» сапында Еуропа Лигасының топтық кезеңінде ойнаған.

Жарко Черногория ұлттық құрамасы сапында өткізген 35 кездесуде 4 гол нәтижелі соққысымен көзге түскен. Соның ішінде бір голды Қазақстан құрамасының қақпасына соққан.

Түпнұсқасы: fcastana.kz Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Пікірлер