«Атырау» камерундық ойыншымен келісімшарт жасасты

«Атырау» камерундық ойыншымен келісімшарт жасасты

«Атырау» футбол клубы камерундық жартылай қорғаушы Жак Альберто Нгвемен келісімшарт жасасқанын ресми жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Атыраулық клубтың баспасөз қызметі футболшымен жасалған келісімшарт мазмұнын егжей-тегжейлі мәлімдеген жоқ.

27 жастағы футболшы 2012 жылдан бастап Грецияның екінші дивизионында бақ сынайтын «Фокикос», «Хания», «Ламия», «Киссамикос», «Волос» клубтарында доп тепті. Бұл чемпионатта жалпы 100-ден астам матч өткізді. 

Бұдан бөлек, аталған елдің үшінші дивизионында өнер көрсететін «Астерас» (Амалиада) командасымен бірге турнирде топ жарған болатын.

 

Ошибка в тексте? Выделите и нажмите Ctrl+Enter
Комментарии
Для того, чтобы оставить комментарий, или