«Лестер» футбол клубының бизнесі жүріп тұр
Әлемдегі ең тартымды лига аАғылшын премьер-лигасы екенін барша жанкүйер мойындайды. Мұндағы клубтар, стадиондар мен трансляциялар және ойыншыларды сатудың өзі керемет дұрыс жолға қойылған.
Біздің сөз етпегіміз, «Лестер» футбол клубы. Соңғы кезде бас айналдырарлық толағай табыстарға кенелген клубты футбол ұстаханасы ма дерсің! Олай деуімізге негіз жоқ емес. Варди, Марез, Кантелер - әлемдік футбол жұлдыздары болмаса да, дарыны бір басына жетерлік футболшылар.
Мына қызыққа қараңыз. Клуб басшылығы ойыншыларды өте арзан бағаға алып, сатуға келгенде шаш-етектен пайдаға кенеліп жатыр. Мәселен, Дэнни Дринкуотер 800 мың еуроға сатылып алынып, 34 млн еуроға сатылды. Ол ол ма, Н’Голо Канте 5,6 млн еуроға алынып, 32 млн еуроға сатылды. Сондай-ақ Рияд Марез 450 мың еуроға бағаланса, оны 60 миллион (!) еуроға сатқан. Ал Гари Магуайр 17 млн-ға алынып, 85 млн еуроға сатылған.
Дайындаған: Мадияр Арстанбаев